Ағылшын, орыс және қазақ тілдеріне жоғары сапалы іскерлік және заңгерлік аударма


Қазақстанда немесе әлемнің кез келген түкпірінде заңнама талаптарын орындауға байланысты болсын, ағылшын тілді әріптестеріңізбен мәміле шарттары бойынша келісімге келуге байланысты болсын, ағылшын, қазақ немесе орыс тілдеріне кез келген аударма жасау қажеттілігі туған кезде біз Сізге сапасы жоғары аударма қызметтерін ұсынамыз.

Жалғастыру

Тәжірибесі мол кәсіпқой мамандар


Біздің ұжым Алматыда тұратын және тау-кен өнеркәсібі мен табиғи қорлардан бастап қуат көздері мен телекоммуникацияларға дейінгі экономиканың түрлі салаларындағы мәмілелерге байланысты ағылшын, қазақ және орыс тілдерінен және керісінше жоғары сапалы іскерлік және заңгерлік аудармалар жасау саласында орасан зор тәжірибесі бар екі кәсіпқой аудармашыдан тұрады.

2012 жылы A·Z LINGUA Аударма бюросын ашқанға дейін әрқайсысымыз ұзақ уақыт бойы жетекші халықаралық заңгерлік фирмалардың құрамында жұмыс істедік.

Біздің қызметтеріміз

Сізге қызмет етеміз


Ең биік сапа

Біз үшін іскерліктің басты қағидалары – дәлдік, сайма-сайлық, стиль мен уақыттылылық.

24/7 қолжетімділік

Сіз бізге кез келген уақытта хабарласып, аудармаңыздың дер кезінде орындалатынына сенімді бола аласыз.

Куәландыру

Біз аудармаларымыздың нотариустың тарапынан куәландырылуын қамтамасыз ете аламыз.

Дүние жүзі

Ғаламтордың көмегімен біз Сізбен әлемнің кез келген нүктесінен жұмыс істеуге дайынбыз.

Біздің клиенттеріміз


Бізге хабарласыңыз


Бізге аудармаңызды Сіздің шетелдік әріптестеріңізбен арадағы іскерлік қатынастарыңызды ілгерілетуге және Сіз туралы олардың пікірін одан сайын жақсартуға көмектесетіндей жоғары деңгейде істеп беруге рұқсат етіңіз.

Бізге телефон шалыңыз немесе email жіберсеңіз, біз ең жақын арада өзіңізге хабарласамыз.